
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ 2025 жылғы 1-21 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда:
1) басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда келесі телефондарға хабарласа аласыз: Серікқызы Айгерім, тел.: 87282412212