
|
№ |
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік гранттың көлемі |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты |
Мәселенің қысқаша сипаттамасы |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Грант түрі |
Мақсатты көрсеткіш |
|
1. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
«Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру және Жетісу облысында жастардың волонтерлік қозғалысын дамыту |
Қазіргі уақытта Жетісудағы жағдай еріктілік қызметі үшін айтарлықтай әлеуеттің бар екенін көрсетеді, алайда нақты көрсеткіштер аймақтың мүмкіндіктеріне сай емес. Мысалы, Ұлттық еріктілер желісінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 240 000-нан астам адам еріктілік қозғалысына тартылған, ал Жетісу облысында аймақтық фронт-офистердің деректері бойынша белсенді еріктілер базасы кейбір қалаларда небәрі 200-600 адамды құрайды. Әсіресе, жастардың төмен қатысу мәселесі өзекті – алдын ала бағалаулар бойынша, өңірдегі жастардың 20%-дан азы ғана еріктілік бастамаларға қатысады.
Біріңғай орталықтандырылған фронт-офистің болмауы еріктілер бастамаларының шашыраңқылығына, қызметті жеткілікті деңгейде жүйелеудің жоқтығына және әртүрлі еріктілік ұйымдары арасындағы әлсіз үйлестіруге әкеліп соғады. Нәтижесінде, оқыту, әлеуметтік көмек және экологиялық акцияларды өткізу саны мен ауқымы республика бойынша орташа көрсеткіштерден 30-40%-ға төмен.
Бұл сандар еріктілік қызметін үйлестіру мен қолдауға арналған тиімді инфрақұрылымды құрудың қажеттілігін көрсетеді. Осыған орай, "Мейірімді Жетісу" фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру және Жетісу облысындағы жастар еріктілік қозғалысын дамыту жобасының негізгі мақсаты – осы инфрақұрылымды қалыптастыру болып табылады. |
11 000 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Мақсатты индикаторлар1. «Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің жұмысын ұйымдастыру – еріктілер қозғалысын қолдау және үйлестіру мақсатында кемінде 700 жас еріктіні (14–35 жас) тарту және БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы кемінде 40 000 қаралымға қол жеткізу. 2. Жастардың әлеуметтік белсенділігін 30%-ға арттыру – жобаны іске асырудың басы мен соңындағы сауалнама нәтижелері негізінде бағалау.
Күтілетін нәтиже1. «Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің ашылуы және тұрақты қызметін қамтамасыз ету: - Жастарға арналған кемінде 150 кеңес беру және кәсіптік бағдарлау кездесулерін өткізу; - Кездесулердің барысын тіркеу журналы арқылы қадағалау. 2. Кемінде 700 еріктіні (14–35 жас) тарту: - 300-ден астам тіркелген еріктіні qazvolunteer.kz платформасына енгізу. 3. Волонтерлік қызметті дамытуға арналған оқыту шаралары: - Еріктілер тобының жетекшілері, мемлекеттік органдар өкілдері және басқа да мүдделі тараптарға арналған шеберлік сабақтарын өткізу (кемінде 300 адамды қамту). 4. 8 бағыт бойынша 100 арнайы іс-шара өткізу: - Әр бағыт бойынша 12–13 іс-шара ұйымдастыру: - Ayala, Asyl Mura, Bilim, Qamqor, Saylyq, Sabaqtastyq, Taza Alem, Umit (Тапсырыс берушімен келісу арқылы). 5. Әлеуметтік жобалар байқауын өткізу: - Әр бағыт бойынша 8 грант (әрқайсысы 300 000 теңге көлемінде) бөлу. 6. Кемінде 10 әріптестік келісім жасау: - ҮЕҰ, білім беру мекемелері және бизнес-құрылымдармен серіктестік орнату. 7. Жобаның ақпараттық қамтуын қамтамасыз ету: - 3 танымал әлеуметтік желіде жариялау (жалпы аудиториясы кемінде 50 000 жазылушы). 8. Телеарналарда репортаждар көрсету: - Облыстық және республикалық деңгейдегі 2 телеарнада жоба туралы материалдар жариялау. 9. Аймақтық форум ұйымдастыру және өткізу: - Облыстың кемінде 100 еріктісінің қатысуымен өңірлік форум өткізу. 10. «Жыл еріктісі» марапаттау рәсімін ұйымдастыру: - 10 номинация бойынша үздік еріктілерді марапаттау. |
|
2. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
«Жайдарман» ойындары бойынша ашық чемпионат пен арнайы жоба – «Жетісу облысы әкімінің Кубогы – 2025» ұйымдастыру және өткізу |
Жетісу өңірінде жастардың «Жайдарманға» деген қызығушылығы жоғары болғанымен, бұл формат жеткілікті деңгейде дамымаған. Мектептерде 10-нан аз, колледждерде шамамен 5, ал жоғары оқу орындарында 2–3 ғана команда жұмыс істейді. Республикалық деңгейде қатысу мүмкіндігі шектеулі – соңғы жылдары 1–2 команда ғана ұсынылған. Қаржыландыру да негізгі мәселелердің бірі болып отыр: тек 25–30% ұжым ғана жеткілікті қолдауға ие. Өңірде «Жайдарманның» дамуын қамтамасыз ету үшін қатысушылар санын көбейту, оқыту бағдарламаларын енгізу және демеушілер тарту қажет. Бұл жастардың шығармашылық бастамаларын дамытып, өңірдегі мәдени ортаның нығаюына ықпал етеді.
|
10 000 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Мақсатты индикаторлар1. Жайдарман ойындарының жалпы көрермендер саны – кемінде 1500 адам, ал ақпараттық қамту – кемінде 40 000 қаралым. 2. Қатысушылар мен көрермендердің қанағаттану деңгейі – кемінде 70% (сауалнама нәтижелері бойынша).
Күтілетін нәтижелер1. Жетісу облысының ашық «Жайдарман» чемпионатын өткізу: - Кемінде 4 ойын өткізу және жеңімпаздарды марапаттау; - Чемпионатқа қатысу үшін кемінде 30 команданы тіркеу. 2. «Жетісу әкімі кубогы – 2025» арнайы жобасын ұйымдастыру: - 10 команда қатысады (оның ішінде 8 команда республикалық деңгейден); - Жеңімпаздарды марапаттау (Тапсырыс берушімен келісу арқылы). 3. Әлеуметтік желілерде фото және видео контент дайындау және жариялау: - YouTube, TikTok, Instagram платформаларында кемінде 100 000 қаралым жинау. 4. Жайдарман ойындарын насихаттау бойынша медиаккампания өткізу: - Жергілікті БАҚ-та және әлеуметтік желілердің танымал парақшаларында кемінде 50 000 адамды қамту. 5. Оқыту шараларын ұйымдастыру: - Кемінде 50 аймақтық команда қатысушысына арналған шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізу. 6. Белгілі жайдарманшылармен және комиктермен кездесулер ұйымдастыру: - Кемінде 50 аймақтық команда мүшелерін қамту. |
|
3. |
Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау |
Жастар арасында есірткі және олардың прекурсорларының таралуы мен қолданылуының алдын алу |
Жастар арасындағы есірткі таралуы – өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнетін күрделі әлеуметтік мәселе. Жетісу өңірінде және Қазақстан бойынша синтетикалық есірткі қолданудың артуы байқалады. Бұл заттардың интернет пен мессенджерлер арқылы оңай қолжетімді болуы олардың заңсыз таралуын жеңілдетуде. Негізгі мәселелер:· Синтетикалық есірткінің танымалдығының артуы – жастардың бұл заттардың зардаптары мен заңдық жауапкершілігі туралы ақпараттың аздығы, сондай-ақ цифрлық технологияларды есірткі саудасына пайдалану. · Алдын алу шараларының жеткіліксіздігі – мамандандырылған орталықтардың аздығы, жүйелі білім беру бағдарламаларының болмауы және білікті мамандар тапшылығы. · Қоғамның әлсіз қатысуы – ата-аналар мен мұғалімдер қауіптерді анықтау жолдарын білмейді, ал мектептердің, медицина мамандарының және құқық қорғау органдарының өзара әрекеттестігі әлсіз. · Есірткіні интернет арқылы тарату – граффити мен әлеуметтік желілердегі жарнама, есірткі сататын сайттардың көбеюі, жастардың киберқауіпсіздік деңгейінің төмендігі. · Реабилитацияның жеткіліксіздігі – медициналық және психологиялық көмектің шектеулі болуы, нашақорлықтың стигматизациясы, сондай-ақ қайта әлеуметтендіру бағдарламаларының жоқтығы. Жобаның мақсаты:Жастар арасында нашақорлықтың алдын алудың кешенді жүйесін қалыптастыру, қауіпсіз ортаны құру, ата-аналарды, педагогтарды және қоғамды белсенді түрде тарту, сондай-ақ интернеттегі есірткі насихатына тосқауыл қою.
|
10 000 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Мақсатты индикаторлар1. Жастардың нашақорлықтың алдын алу шараларына қатысуы мен хабардарлығын арттыру: - Тікелей қамту – кемінде 1000 адам; - Ақпараттық қамту – кемінде 40 000 қаралым. 2. Профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі: - Сауалнама нәтижелері бойынша кемінде 55% тиімділік көрсеткіші.
Күтілетін нәтижелер1. Талдықорған қаласында жастарға арналған мамандандырылған орталық құру: - Нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ғылыми негізделген бағдарламаларды енгізу. 2. Call-орталық пен сенім телефонын ашу: - Тегін кіріс және шығыс қоңырауларға қызмет көрсету; - Кемінде 2 маманның (психолог, нарколог) тұрақты жұмыс істеуі. 3. Жастар арасындағы тәуекел топтарын зерттеу: - Психикалық денсаулық орталығы мен наркологиялық қызметтердің қолдауымен талдау жүргізу. 4. Құқықтық көмек көрсету тобының жұмысын ұйымдастыру: - Есірткі насихатына тап болған немесе есірткі тарату оқиғаларына куә болған балалар, жастар және олардың отбасыларына құқықтық көмек көрсету. 5. Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласындағы оқу орындарында ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізу: - Кемінде 40 іс-шара ұйымдастыру; - Интернеттегі есірткі жарнамасымен күресу бойынша білім беру жұмыстарын жүргізу. 6. Антинаркотикалық еріктілік қозғалысын дамыту: - Жастарды нашақорлықтың алдын алу әдістеріне үйрету және оларды ағартушылық іс-шараларға тарту. 7. Есірткінің зияны мен тарату заңдылығы туралы кемінде 2 бейнеролик дайындау және тарату: - Кемінде 40 000 қаралым жинау. 8. Есірткі жарнамасы бар граффитиді жою бойынша 10 акция өткізу: - Жастар ұйымдары мен құқық қорғау органдарының қатысуымен ұйымдастыру. 9. Жастарға арналған 5 спорттық іс-шара өткізу: - Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жарыстар мен белсенді шаралар ұйымдастыру. 10. 26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған іс-шара өткізу: - Кемінде 100 адамды қамту. 11. Интернет кеңістігін мониторингтеу және есірткі насихаттайтын ақпарат көздерін анықтау: - Кемінде 50 каналдың мәліметтерін құқық қорғау органдарына беру. 12. Нашақорлықпен күрес және кибереріктіліктің жауапкершілігі туралы 5 оқыту бейнеролигін әзірлеу. 13. Instagram/TikTok платформаларында 5 тікелей эфир өткізу: - Медицина мамандары, заңгерлер және полиция қызметкерлерінің қатысуымен нашақорлықтың салдары мен алдын алу шараларын талқылау. 14. 10 000+ жазылушысы бар кемінде 5 инфлюенсерден тұратын топ құру: - Антинаркотикалық мазмұнды кеңінен тарату. |
|
4. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
«Жетісу Жастары» аналитикалық есебін дайындау |
Жетісу жастары әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға тап болып отыр, бұл олардың жұмысқа орналасуын, білім алуын және әлеуметтік бағдарламаларға қатысуын қиындатуда. Өңірдегі жастардың нақты жағдайы туралы жүйелі және өзекті деректердің жоқтығы тиімді қолдау шараларын әзірлеуге кедергі келтіреді. Негізгі мәселелер:· Жұмыссыздық және тұрақсыз еңбек нарығы – жастар мамандығына сай жұмыс таба алмайды немесе NEET (оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын) санатына түсіп қалады. · Білімге қолжетімділіктің шектеулілігі – жастардың оқу үшін өңірден кетуге мәжбүр болуы «ми ағымына» әкеліп, білікті мамандардың тапшылығына себеп болуда. · Цифрлық теңсіздік – ауылдық жерлердегі жастар интернет пен цифрлық инфрақұрылымға қолжеткізуде қиындықтарға тап болуда, бұл олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. · Жастар бағдарламалары туралы ақпараттың аздығы – мемлекеттік және әлеуметтік қолдау шаралары бюрократиялық кедергілерге байланысты шектеулі деңгейде қолжетімді. · Миграция және кадр тапшылығы – жастар жақсы мүмкіндіктер іздеп басқа өңірлерге көшуін жалғастыруда, бұл аймақтың дамуын тежейді. «Жетісу Жастары» жобасының мақсаты:Жастардың негізгі мәселелерін зерттеу арқылы олардың шынайы қажеттіліктерін анықтау, тиімді шешімдер әзірлеу және өңірде жастардың әлеуетін дамытуға арналған кешенді шаралар жүйесін қалыптастыру.
|
8 000 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Мақсатты индикаторлар1. Жетісу жастарының жағдайын зерттеу нәтижелерінің ақпараттық қамтуы – кемінде 35 000 қаралым.
Күтілетін нәтижелер1. Деректерді жинау және талдау: - 50-ден астам статистикалық көрсеткіштерді талдау (демография, білім деңгейі, жұмыссыздық, миграция, жастарды қолдау бағдарламаларына қатысу және т.б.). - 500 респондентті қамтитын әлеуметтанулық сауалнама өткізу. - 10-нан кем емес сараптамалық сұхбат ұйымдастыру (мемлекеттік органдар, бизнес, ҮЕҰ, білім беру мекемелері және т.б.). - 3 фокус-топтық талқылау өткізу, жастардың нақты мәселелерін зерттеу. - 5 сәтті кейс-стадиді жинау, өңірдегі табысты тәжірибелер мен қиындықтарды көрсету. 2. Аналитикалық есепті әзірлеу: - Кемінде 50 беттен тұратын аналитикалық есеп дайындау, онда өзекті деректер, анықталған мәселелер және оларды шешу бойынша ұсыныстар беріледі. - Құжат мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, жұмыс берушілерге және жастар ұйымдарына ұсынылады. 3. Қорытынды іс-шара ұйымдастыру және өткізу: - Кемінде 50 адамның қатысуымен есептің нәтижелерін таныстыру. 4. Зерттеу нәтижелерін тарату: - 20-дан астам ұйымға (мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, ЖОО және т.б.) есепті тарату. 5. БАҚ пен әлеуметтік желілерде зерттеу нәтижелерін жариялау: - Кемінде 35 000 адамды қамту. 6. 5 тікелей эфир ұйымдастыру (Instagram/TikTok): - Сарапшылардың (медицина, құқық, әлеуметтік саясат мамандары) қатысуымен жастардың мәселелері мен шешу жолдарын талқылау. 7. Жастар саясатының мониторингі үшін мәліметтер базасын жасау: - Алдағы бағдарламалар мен бастамаларды әзірлеу үшін зерттеу нәтижелерін жүйелендіру.
|
|
5. |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту |
Жетісудағы студенттік өзін-өзі басқару үлкен әлеуетке ие, бірақ оны жүйелі түрде дамыту қажет. Университеттер мен колледждердегі кеңестер көбінесе мәдени және спорттық іс-шараларға назар аударады, дегенмен олар білім беру ортасына және студенттердің құқықтарына белсендірек әсер ете алады. Негізгі мәселелер – жастардың төмен қатысуы, нақты ережелердің болмауы және басқарушылық дағдылардың жеткіліксіздігі. Лидерлік қасиеттерді дамыту, студенттерді жобалық менеджментке үйрету және оқу орындары арасында ынтымақтастық орнату маңызды. Студенттік өзін-өзі басқару желісін құру жастар қауымдастығын нығайтуға және студенттердің университеттер мен колледждердің өміріне ықпалын арттыруға көмектеседі. |
11 000 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Нысаналы көрсеткіштер:1. Жетісу облысында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту шараларына кемінде 1000 студентті тарту. 2. Жоба қатысушыларының қанағаттану деңгейі – кемінде 70% (сауалнама нәтижелері бойынша). Күтілетін нәтижелер:1. Жетісу облысының кемінде 1000 студенті үшін көшбасшылық, басқару, жобалық менеджмент бойынша оқыту тренингтерін ұйымдастыру; 2. Жетісу облысындағы жоғары оқу орындары мен колледждерде кемінде 20 студенттік кеңес құру; 3. Университеттер, колледждер және мектептердің өзін-өзі басқару органдарының көшбасшыларын сайлау процесін ұйымдастыру және өткізу; 4. Студенттік кеңестерге консультативтік және ұйымдастырушылық көмек көрсету; 5. Студенттік кеңес мүшелері ұсынған кемінде 30 жоба немесе іс-шараны жүзеге асыруға қолдау көрсету; 6. Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласының әрқайсысында кемінде бір шара (интеллектуалды ойын, байқау, квест және т.б.) ұйымдастыру және өткізу; 7. Кемінде 30 студентке арналған жазғы лагерь ұйымдастыру; 8. Өзін-өзі басқару көшбасшыларының слетін өткізу және студенттік кеңестердің белсенді мүшелерін марапаттау; 9. Оқу орындарының жалаулары мен символикасын қамтитын парад пен фестиваль ұйымдастыру; 10. Жоба аясында кемінде 1 жоғары оқу орны мен 20 колледжді қамту; 11. Жоба бойынша кемінде 2 ақпараттық портал мен 50 000 жазылушысы бар 5 танымал әлеуметтік желіде жарияланымдар дайындау. |
|
6. |
Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу |
Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету |
Жетісу өңірінде жастардың отбасылық құндылықтарға, ұлттық мәдениетке және дәстүрлерге деген қызығушылығының төмендеуі байқалады. Отбасының ықпалының әлсіреуі, урбанизация және цифрландыру моральдық нормалар мен мәдени мұраны беруді шектейді. Ұрпақтар арасындағы алшақтық жастар мен аға буынның өзара әрекеттесуін азайтып, ұлттық бірегейлікті сезінуді төмендетеді. Жоба отбасылық негіздерді нығайтуға, дәстүрлерді дәріптеуге және ұрпақтар арасындағы диалогқа арналған алаң құруға бағытталған, бұл тарихқа, мәдениетке және отбасылық құндылықтарға құрметпен қарауға ықпал етеді. |
9 611 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Нысаналы көрсеткіштер:1. Жоба аясында тікелей қамтылатын адамдар саны – кемінде 2 000 адам. 2. Жобаға қатысушылардың қанағаттану деңгейі – кемінде 70% (сауалнама нәтижелері бойынша). Күтілетін нәтижелер:1. Жетісу облысының мектептері мен колледждерінде кемінде 30 дәріс өткізу, тақырыптары: - Отбасылық дәстүрлер және олардың маңызы. - Ата-аналар мен аға буынның жастар тәрбиесіндегі рөлі. - Отбасылық құндылықтар арқылы ұлттық бірегейлікті нығайту. 2. Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласында кемінде 1 отбасылық іс-шара өткізу (мысалы, отбасылық спорттық ойындар, ата-аналар мен балаларға арналған бірлескен шеберлік сабақтары). 3. Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласында мектептер мен колледждерде "Билер кеңесі", "Аналар кеңесі", "Әжелер кеңесі" өкілдерінің қатысуымен кемінде 1 буындар кездесуі ұйымдастыру, жастарға өмірлік тәжірибе, білім мен дәстүрлерді жеткізу. 4. Облыстық деңгейде келесі номинациялар бойынша байқаулар ұйымдастыру: - «Дана ене – дара келін» - «Асқар тау әке – зерек бала» - 1 орын – 500 000 теңге - 2 орын – 300 000 теңге - 3 орын – 150 000 теңге - Арнайы жүлде – 100 000 теңге 5. Ұлттық мәдениет және отбасылық құндылықтар саласындағы республикалық сарапшылардың қатысуымен кемінде 50 адамды қамтитын конференция өткізу. 6. Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауға бағытталған кемінде 2 бейнеролик әзірлеу және тарату, кемінде 10 000 қаралымға қол жеткізу. |
|
7. |
Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу |
Әйелдердің көшбасшылық, қаржылық және құқықтық құзыреттерін арттыру және дамыту |
Жетісу өңірінде әйелдер аймақтың дамуына маңызды үлес қосады, алайда кәсіпкерлік, басқару және қоғамдық қызмет салаларында түрлі кедергілерге тап болады. Қаржылық және құқықтық сауаттылықтың жеткіліксіздігі олардың бизнес жүргізу және құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін шектейді. Көшбасшылық дағдыларының жетіспеушілігі мансаптық өсу мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды тежейді. Жоба әйелдердің қаржылық, құқықтық және көшбасшылық сауаттылығын дамытуға бағытталған, бұл олардың ресурстарды тиімді басқаруына, әлеуетін жүзеге асыруына және экономика мен қоғамның белсенді мүшесі болуына мүмкіндік береді. |
7 000 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Нысаналы көрсеткіштер:1. Жетісу облысының кемінде 200 әйелдері мен қыздарын қаржылық, құқықтық сауаттылық және көшбасшылық бойынша іс-шараларға тарту. 2. Жобаға қатысушылардың қанағаттану деңгейі – кемінде 70% (сауалнама нәтижелері бойынша).
Күтілетін нәтижелер:1. Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласындағы мектептер мен колледждерде қыздардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кемінде 2 дәріс өткізу. 2. Қаржылық, құқықтық сауаттылық және көшбасшылық бойынша кемінде 50 белсенді әйел мен қыздарға арналған кешенді оқыту курсын ұйымдастыру, оған республикалық деңгейдегі 2 тренерді тарту. 3. Оқыту курсынан өткен әйелдер мен қыздардың кемінде 5 бастамасын іске қосуға жәрдемдесу. 4. Курс түлектерінің желісін құру, олардың өз бетінше кемінде 10 іс-шара ұйымдастырып өткізуіне жағдай жасау. 5. Әйелдер көшбасшылығы және кәсіпкерлігі мәселелері бойынша конференция ұйымдастыру. |
|
8. |
Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу |
Әкелер институтын дамыту, ұлдарды болашақ әке ретінде тәрбиелеуге жәрдемдесу және әкелерді бала тәрбиесі процесіне белсенді қатыстыру |
Жетісу өңірінде, жалпы Қазақстан бойынша, әкелердің бала тәрбиесіне араласу деңгейі төмендеп келеді. Бұл отбасылық байланыстарды әлсіретіп, ұл балаларды жауапты ер азамат ретінде қалыптастыруда үлгі болу мүмкіндігін шектейді. Әкенің рөлі көбінесе тек қаржылық қамтамасыз етумен шектеліп, тәрбиедегі белсенді қатысуы мардымсыз болып отыр. Бұл жағдай көшбасшылық қасиеттердің дамуына, әлеуметтік жауапкершілікке және отбасылық құндылықтарға деген құрметтің қалыптасуына әсер етеді. Жоба жауапты әке болу мәдениетін дамытуға, ер азаматтардың бала тәрбиесіндегі рөлін нығайтуға және ұл балалардың отбасылық құндылықтар мен ата-ана болу жауапкершілігін түсінуіне бағытталған. |
5 000 мың тг. |
1 қысқа мерзімді грант |
Нысаналы көрсеткіштер:1. Жетісу облысында кемінде 300 ер адам мен ұл балаларды әкелік институтты дамыту және нығайту шараларына тарту. 2. Жобаға қатысқан әкелердің кемінде 70%-ы бала тәрбиесі мен отбасылық істерге араласу деңгейінің артқанын атап өтеді (сауалнама нәтижелері бойынша).
Күтілетін нәтижелер:1. Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласында ата-аналар комитеттері мен әкелердің қатысуымен кемінде 2 кездесу және жиын өткізу. Талқыланатын өзекті тақырыптар: - Ұл балаларды тәрбиелеудегі заманауи сын-қатерлер. - Жауапты әке болу: әкенің құқықтары мен міндеттері. - Балаларда отбасылық құндылықтарды қалыптастыру. - Әкелердің мектеп өміріне араласу тәсілдері. 2. Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласында әке мен баланың қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған кемінде 1 спорттық іс-шара ұйымдастыру. 3. Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласының мектептері мен колледждерінде «Отбасындағы ер адамның рөлі», «Жауапты әке болу» және басқа да тақырыптар бойынша кемінде 1 ақпараттық-түсіндіру шарасын өткізу. 4. Әкенің отбасындағы рөлі туралы кемінде 3 бейнеролик дайындап, Әке күніне орай тарату. 5. Әкелер мен балалар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған кемінде 2 ауқымды отбасылық іс-шара ұйымдастыру (мысалы, спорттық жарыстар, табиғатқа шығу және т.б.). 6. Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласынан кемінде 100 адамның қатысуымен өңірлік Әкелер форумын өткізу, үздік әкелерді марапаттау. |