
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында әлеуметтік эксперимент өткізілді. Бұл шараның мақсаты — азаматтарды экологиялық тазалықты сақтау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру, сондай-ақ қоғамдық орындардағы тазалық мәселелеріне қатысты азаматтардың мінез-құлқын зерттеу
Эксперимент барысында қоғамдық орындарда арнайы түсірілімдер жүргізіліп, әлеуметтік бейнероликтер дайындалды. Адамдардың қоқыс жинауға дайындығы, шешім қабылдау қабілеті, қоғамдық нормалардың мінез-құлыққа әсері зерттелді. Бұл зерттеу азаматтардың экологиялық мәдениетін, сондай-ақ қоршаған орта тазалық мәселесіне қатысты жауапкершілікті сезіну деңгейін анықтауға бағытталды.
«Таза Қазақстан» акциясы өз кезегінде қоғамдық сананы қалыптастыру, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті нығайту және табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыруды мақсат етеді. Эксперимент нәтижесінде алынған деректер бойынша келешекте экологиялық тазалықты сақтау және қоғамның экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарауы үшін ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізіледі.
«Жетісу-жастары» мекемесінің маманы Өмірғалиұлы Арнұр: «Таза Қазақстан» бағдарламасы экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарау, қоғамның тазалыққа деген саналы көзқарасын қалыптастыру және қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімін арттыру — бұл тек жастар үшін ғана емес, барлық азаматтар үшін маңызды. Әлеуметтік эксперименттер мен экологиялық акциялар қоғамның экологияға деген көзқарасын өзгертуге зор ықпал етеді.»