
Бүгін Талдықорған қалалық «Авиценна» медициналық колледжінің студенттерімен, өзге этнос жастарымен туындауы мүмкін қақтығыстардың алдын алу мақсатында, республикалық «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Этносаралық жанжалдарды болдырмау және оның алдын алу» тақырыбында семинар-тренингі өтті.
Семинар-тренингте І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚХА жанындағы этномедиация кеңесінің төрағасы - Чингаева Бахтыгүл Кененсарықызы «Этносаралық жанжалдарды болдырмау және оның алдын алу» тақырыбында кәсіби медиатор ретінде өз ойымен бөлісіп, ҚХА жанынан құрылған этномедиация кеңесінің осы бағыттағы жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларға тоқталып өтті. Сонымен қатар, «Этносралық келісімді сақтау» тақырыбында «Облыстық славян қозғалысы» ҚБ төрағасы - Белик Наталья Алексеевна этносаралық келісімді сақтау бойынша өз тәжірибесінен алынған әдістемелік тәсілдерімен бөлісті.
Кездесу соңында студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, спикерлерден толыққанды жауаптар берілді.