
17 ақпан күні «Тіл сарайы» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай кітап әзірлеу мен көркем фильм түсірілімі бойынша редакторлық жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыстың спикері болып Жетісу облысы әкімінің орынбасары - Есдәулетов Диас Рахметұлы сөз сөйледі.
Кездесу барысында, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай әзірленетін кітап пен көркем фильмнің түсіріліміне қатысты өзгерістер мен жаңартулар бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді.