Мемлекеттік рәміздер!

Мемлекеттік рәміздер!

2025 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Мәлікқызы Аргенова Талдықорған қаласында Мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен насихатталуын түсіндіру бойынша семинарға қатысты. Шараға мемлекеттік рәміздерге жауапты департамент, басқармалардан жауапты адамдар, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, бөлім басшылары, мектеп директорлары қатысты. Сонымен қатар, облыс орталығындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік рәміздердің қолданылуына мониторинг жүргізілді.