
Жетісу облысының даму жоспарында көзделген нысаналы индикатордың (мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі) орындалуы бойынша 2024 жылдың маусым-қазан айлары аралығында «Ақ терек RZ» ЖШС тарапынан облыстағы тілдік ахуал мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу және мониторинг жүргізілді.
Сауалнамаға 18 жастан жоғары 1000 респондент (2 қала, 8 аудан тұрғындары) қатысты. Нәтижесінде мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 91% (90,9%) (68,1%-і жоғары деңгей, 22,2%-і орташа деңгей).
Сауалнама сұрақтары мен респонденттердің жауаптары
Респонденттердің 21%-і қазақ тілінде, 19%-і орыс тілінде, 58%-і екі тілде, 2%-і басқа тілде деп жауап берді.
Респонденттердің 17%-і қазақ тілінде, 35%-і орыс тілінде, 46%-і екі тілде, 2%-і басқа тілде деп жауап берді.
Респонденттердің 24%-і қазақ тілінде, 33%-і орыс тілінде, 42%-і екі тілде, 1%-і басқа тілде деп жауап берді.
Респонденттердің 39%-і қазақ тілінде, 28%-і орыс тілінде, 31%-і екі тілде, 2%-і басқа тілде деп жауап берді.
Респонденттердің 36%-і қазақ тілінде, 35%-і орыс тілінде, 29%-і екі тілде деп жауап берді.
Респонденттердің 35%-і қазақ тілінде, 39%-і орыс тілінде, 26%-і екі тілде деп жауап берді.
Респонденттердің 16%-і қазақ тілінде, 55%-і орыс тілінде, 26%-і екі тілде, 3%-і басқа тілде деп жауап берді.
Респонденттердің 74%-і балаларына мектепке дейінгі кезеңде қазақ тілінде, 25%-і орыс тілінде, 1%-і ағылшын тілінде білім беруді қалайды.
Респонденттердің 81%-і мектепте балаларының қазақ тілінде, 17%-і орыс тілінде, 2%-і ағылшын тілінде білім алғанын дұрыс деп санайды.
Респонденттердің 68%-і арнайы кәсіптік оқыту кезеңінде балалардың қазақ тілінде, 30%-і орыс тілінде, 2%-і ағылшын тілінде білім алғанын қалайды.
Респонденттердің 71%-і жоғары білім беру кезеңінде балаларының қазақ тілінде оқығанын қаласа, 27%-і орыс тілінде, 2%-і ағылшын тілінде білім алғанын қалайды.