Талдықорған қаласында «JETISU LEAGUE» облыстық футзал турнирі өтті

Талдықорған қаласында «JETISU LEAGUE» облыстық футзал турнирі өтті

9 желтоқсан күні Талдықорған қаласында Жетісу облысының 8 ауданы мен 2 қаласының оқушылары, студенттері, NEET санатындағы, жұмыссыз жастары және жас мемлекеттік қызметшілері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа қызығушылықты арттыру мақсатында JETISU LEAGUE облыстық футзал турнирі өтті. Бұл жарыс тек спорттық бәсеке ғана емес, жастарды достық, бірлік пен ынтымақтастыққа шақырған ерекше шара болды.

Турнир нәтижелері:

I орын – Талдықорған қаласы

II орын – Сарқан ауданы

III орын – Кербұлақ ауданы

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік мерекесіне арналған бұл шара – жастарды жігерлендіру мен ел болашағына деген сенімді нығайтудағы маңызды қадам.