«Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасы бойынша ақпарат

«Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасы бойынша ақпарат

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ 2024 жылғы 01 наурыздағы № 4/19-н/қ. бекіткен үкіметтік емес ұйымдарға 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесіне сәйкес «Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша әлеуметтік жобаны «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі іске асырды.

Жоба аясында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Жетісу облысының азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу жөніндегі уәкілдерге азаматтық сектормен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру мәселелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде  «ҮЕҰ мектебі» аясында  өңірлік үкіметік емес секторды кәсібилендіру үшін 4 оқу семинарлары өткізілді («Эмоционалды және витальдік интеллект»,  "Мазмұнды жасау үшін ChatGPT қалай тиімді пайдалануға болады»:  (искусственный  интеллект) көмегімен мәтіндер мен мақалаларды қалай жазу және т. б. багыттар бойынша  интенсив, «Жобаларды басқару» атты тренинг,  және «Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы»).

Сонымен қатар, әр түрлі форматтағы 5 шаралар ұйымдастырылды-   «Ашық есік күні»,  «Табыс формуласы» спорттық тимбилдингі,  «Әртүрліліктегі бірлік» - қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі» туралы диалог алаңы,  атом станциясын (АЭС) салу мәселелері бойынша кездесу, және т.б.

10 номинация бойынша (жалпы жүлде қоры кемінде 1 000 000 теңге) Жетісу облысының үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік жобасын үздік іске асыруға ҮЕҰ арасында облыстық конкурс өткізіліп, 25 өтінім келіп түсті, қазылар алқасы мүшелерінің бағалауы бойынша жоғары 116-120 балл жинаған 10 үздік жоба іріктелді.

2024 жылғы 15 қарашада «Мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы - өңірді дамытудың драйвері» атты  Жетісу облысының Азаматтық  форумы өтті. Форум шеңберінде 1 пленарлық және 3 панельдік сессия ұйымдастырылып,  Жетісу облысының ҮЕҰ қызметі туралы 10 минутқа деректі фильм көрсетілді, сондай-ақ азаматтық секторды дамытуға үлес қосқан мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері Алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ ҮЕҰ-ның толғандыратын сұрақтарына жылдам жауап алу үшін 5 интерактивті платформалар (Telegram арнасы, ZOOM форматында (қажет болған жағдайда), "Жетісу обл. ҮЕҰ" Whats app чаты,  апта сайынғы «Ашық есік» күндері, Call Center) құрылып, Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығы тарапынан 124 консультативтік, 386 ақпараттық және 18 әдістемелік қызметтер (Telegram) көрсетілді.