
Жетісу облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңесте қоғамдық даму, денсаулық сақтау, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, дін істері жөніндегі басқармалардың 2025 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы, гранттық қаржыландыру аясындағы жобалардың тақырыптарын және эксперттік кеңестің құрамын бекіту мәселелері қарастырылды. Кеңес отырысына кеңес мүшелері, аудандық, қалалық әкімдіктердің өкілдері (онлайн), үкіметтік емес ұйымдар қатысты.