
Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!
Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының 4-тарауының 16-тармағына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру сапасына қоғамдық бағалау жүргізу үшін сараптама кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеуді жариялайды.
Іріктеуді өткізу мерзімі 2024 жылғы 18 – 26 қарашаға дейін. Құжаттарды s.tazabekova@zhetysu.gov.kz электронды поштасына жолдау қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін: 87013337721.