Қазақстан халқы Ассамблеясы этномедиация институтын дамыту бойынша семинар – тренинг өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы этномедиация институтын  дамыту бойынша семинар – тренинг өтті

           2024 жылдың 30-31 қазан күндері аралығында   Панфилов ауданы Атамекен ауылында «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы этномедиация институтын дамыту бойынша семинар – тренинг өтті.

Семинарға Панфилов  ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мамандары,  ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, ауылдық округтің жігіт басылары, қоғамдық медиаторлар, мектеп менторлары, жалпы 50 адам  қатысты.

Семинар – тренигтің спикері ҚХА республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы, Ұлттық Құрылтай мүшесі, кәсіби жаттықтырушы-медиатор, PhD докторы - Пулатов Шерзод Аббозович.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.