РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

2024 жылдың 23 қазанында Жетісу облысында Республика күніне орай ұйымдастырылған Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. Жобаны Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастырды.

Ашық лига ойындарының бұл жартылай финал ойындары. Үздіктерден іріктеліп алынған 8 команда жекпе-жек форматында ойын көрсетті. Командалар қатарында Фаворит, Жарлыөзек, Maximum, Креатив, Гарвард, Форма, Инновация, КазАСТ сынды командалар бар.

Әр команда өздерінің креативті әзілдерімен, тапқырлықтарымен және сценалық шеберліктерімен көрермендерді таң қалдырды. Жайдарман ойындары жастардың мәдени-шығармашылық әлеуетін дамытып, командалық рухты нығайтуға мүмкіндік береді.

Шараның негізгі мақсаты – жастар арасындағы достықты, ынтымақтастықты насихаттау. Жартылай финалдың нәтижесінде ең үздік командалар анықталып, финалға жолдама алды. Қатысушылардың өнері мен әзілдері көрермендерді күлкіге батырып, көңіл-күйлерін көтерді. Жайдарман ойындары жастар үшін жақсы мүмкіндік, себебі олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, жаңа достар табуға және жарқын эмоциялар алуға мүмкіндік алды.

Лиганың финалдық кезеңі алда, көрермендер мен қатысушыларды тағы да қызықты сәттер күтуде.

Финалдық кезеңге Фаворит, Maximum, Креатив, Форма, Инновация командалары жолдама алды.