«Егемендіктің нышаны» атты жастармен кездесу өтті

«Егемендіктің нышаны» атты жастармен кездесу өтті

 «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің» студенттер үйінде Республика күніне орай, «Егемендіктің нышаны» жастармен кездесу өтті. Кездесуге Жетісу облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес мүшелері, облысымыздың белсенді жастары және өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ белсенділері қатысты.

Кездесудің мақсаты - Ассамблея жастарының инновациялық жобаларымен таныстыру, жастардың қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыру, білікті кадрлық резервті дайындау.

Шарада өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ белсенді мүшесі Курмашева Заида, «LIDER.KZ» еріктілер орталығының басшысы, 2021 жылдың еріктісі, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы Матвей Викторович Шведин, «Үздік көшбасшы - 2021» және «Жаңа Қазақстан жастар саясатының үздігі - 2023» төсбелгілерінің иегері Ғазиз Аманжолұлы, 1 жедел мақсаттағы батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік - құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Айдос Асхатұлы Мырзахмет сөз сөйледі.