Жетісу облысында туған күн иесі жүзінші дауыс беруші атанды

Жетісу облысында туған күн иесі жүзінші дауыс беруші атанды

 Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округіндегі №57 дауыс беру учаскесіне білім саласының ардагері, дәл референдум күні 64 жасқа толып отырған ұлағатты ұстаз Меңдібай Хусинов дауыс беріп, 100-ші тұрғын ретінде тіркелді.

Өмірінің басым бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаз референдумның учаскесіне немересімен бірге келді.

– Жуырда ғана Үшарал қаласына қоныс аудардым. Құжаттарымды реттеп үлгермегендіктен тіркелген мекенжайым Арқарлы ауылында қалды. Алпыс шақырым жерден референдум үшін арнайы келіп, өзімнің таңдауымды жасадым, – деді ардагер ұстаз.