
Ескелді ауданында тұратын Иманғабыловтар отбасында 2020 жылы үшем дүниеге келді.
Сонымен, Иманғабыловтар отбасы көпбалалы отбасына айналды. Қазір отбасында бес бала бар.
«Бүгін біз отбасымызбен келіп дауыс бердік. Балаларымыз Қазақстанның үлгі тұтар азаматтары болып өскенін қалаймыз. Сол себепті біз әр кезде балаларымызға үлгі көрсетеміз. Референдумда дауыс беру - біздің парызымыз», - дейді отағасы Айдос Иманғабылов.