
Панфилов ауданы, Жаркент қаласында Социалистік Еңбек ардагері Күләш Айтжанова референдумға белсене қатысып, өз таңдауын жасады.
Күләш Айтжанова бала кезінен еңбек етіп, қажырлы әрі табанды болып өскен ұрпақтың көрнекті өкілі. Өңірімізде өтетін әр маңызды шарада өзі белсенді болып, атсалысып отырады.
"Бүгін мен елімнің болашағы үшін өз үлесімді қосқалы келіп отырмын. Әр адам дауыс беруге белсене қатысуы керек", - деді Күләш апа.