
Сарқан қаласы, қала тұрғындары референдумға белсене қатысып жатыр. Олар жергілікті уақытпен таңғы 7.00-ден бастап референдум учаскелеріне ағыла бастады.
№349 референдум участкесінде пара дзюдодан спорт шебері Аслан Нұрдаулетов дауыс берді.
«Халық болып бірлесе шешім қабылдаймыз. Біз референдумға бей-жай қарамаймыз. Сондықтан жерлестерімізді өз таңдауын жасауға бір кісідей атсалысуға шақырамын», - дейді спорт шебері Аслан Нұрдаулетов .