
Ағымдағы жылдың 19 маусымында Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы драма театрында «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұйымдастыруымен «Рухтың күші – әкеде» жобасы аясында «Әке - отбасының тірегі» форумы өткізілді. Шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының, Аналар кеңестерінің, Ақсақалдар кеңестерінің өкілдері, білім беру мекемелерінің ұстаздары, этномәдени бірлестіктер және әскерилер қатысты. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Б.Абибеков, Кербұлақ аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ғ.Ақбасова, «Әкелер Одағы» республикалық қоғамдық ұйымның төрағасы А.Арыстанғали құттықтап, әкенің қоғамдағы рөлін күшейту, баланың әкеге деген құрметін арттыру бағытында сөз сөйледі. Форумға әр аудан, қаладан үлгілі әкелер қатысып, «Асыл әке» медалімен марапатталып, соңында келген қонақтар «Мұғалім» әлеуметтік-мультимедиалық драма қойылымын тамашалады.