Жетісу құтқарушысы мемлекеттік наградамен марапатталды

Жетісу құтқарушысы мемлекеттік наградамен марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ еліміздегі су тасқыны кезеңіндегі көрсеткен ерлігі үшін Әлішер Баймұханбет «Ерлігі үшін» медалімен  марапатталды.
Жетісу облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Әлішер Ерболұлы Баймұханбетов Абай облысындағы су тасқынының салдарын жою жұмыстарына атсалысқан. 
«Ауа райының қолайсыздығына және қауіптіліктің жоғары болғанына қарамастан тәулік бойы жұмыс істедік», - дейді Әлішер. Сонымен қатар Ә. Баймұханбетов Аягөз өзені арқылы 400-ге жуық адам мен 1500 кг азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасымалдаған, елді мекеннен 90 км қашықтықта орналасқан шаруа қожалығынан 4 адамды эвакуациялады, сөйтіп зардап шеккендердің өмірі мен мүлкін сақтап қалды.


Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша дайындалды.