Республикалық семинар – кеңес өтті

Республикалық семинар – кеңес өтті

2024 жылғы 14 маусымда  Талдықорған қаласында «Аймақтағы әлеуметтану: өзгеруге дайындық» атты республикалық семинар-кеңес өтті.  Мақсаты - аймақтық жағдайдағы әлеуметтанулық процестерді талқылау, өңірлердегі зерттеу орталықтарының  даму перспективалары.

Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары  - Жанаргүл Балғабекқызы Әлжанова, спикерлер ретінде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Серікқызы Жолдыбалина, Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Дінмұхаммед Әзімбайұлы Ғали, Қарағанды экономикалық және құқықтық зерттеулер институтының ғылыми жетекші маманы Есет Жемісбекұлы Есенғараев шақырылды. Шараға республиканың 10 өңірінен тыңдаушылар, жергілікті  басқармалардан, орталықтардан мамандар қатысты.