Талдықорғанда саяси репрессия құрбандарын еске алды

Талдықорғанда саяси репрессия құрбандарын еске алды

Бүгін Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Саяси қуғын-сүргін құрбандары - ұрпақтар тағзымы» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шара жыр Құлагері, саяси қайраткер Ілияс Жансүгіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мұнан соң облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Әбибековтың төрағалығымен кездесу өткізіліп, оның аясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия жұмысының мәселелері талқыланды. Өткен жылы комиссияның атқарған жұмыстары туралы өңірлік комиссия тобының жетекшісі, облыстық «Жетісу» газетінің журналисі Қажет Андас айтып берді. Сондай-ақ конференцияда Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі Серік Әбікенұлы, жұмыс тобының мүшесі Қали Ибрайымжанов, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Мұхтар Сағадиев, Хусайын Мұстафа сөз сөйледі. Соңында «Жетісу облысындағы босқындықтың себеп-салдары мен зардабы» және «Жетісу өңірінің қуғын-сүргін қасіреті» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Руслан Кадыров