
«Жастар арасында азаматтық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастыру және әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратудың алдын алу»
Ағымдағы жылдың 21 мамырында, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында және Сарқан ауданы, Сарқан қаласында «Жастар арасында азаматтық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастыру және әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратудың алдын алу» тақырыбымен облыстық түсіндіру тобының мүшелері Қ.Сансызбайұлы, облыстық аналар кеңесінің төрайымы Н.Баймадиева кездесу ұйымдастырып, 10-11 сынып оқушылары мен қатысқан ардагерлер өкілдерімен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Amanat» партиясы филиалының төрағасы Қ.Көкебаев, полиция бөлімі бастығының орынбасары Қ.Ахметбек, прокурор А.Жолан, Алакөл ауданы аналар кеңесі төрайымы Ұ.Дүйсебаева мен З.Жұманова, ардагерлер ұйымының төрағасы А.Оразғалиев, 10-сынып оқушысы Д.Ерланқызы, Арқарлы ауылының тұрғыны Н.Демеуғали Үшаралда, ал Сарқанда полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі жастармен жұмыс жөніндегі инспекторы полиция аға лейтенанты Ә.Әділжанов, «Amanat» партиясының кеңесшісі М.Тәжиев, Сарқан ауданы аналар кеңесінің төрайымы К.Қалиева өз ой пікірлерін ортаға салды. Кездесу барысында жастар еркін пікір алмасып, сөз кезегінде сана -сезімінен орын алып, үйлесімін тапқаны үшін өздерінің ойларын, алғыстарын жеткізді. Облыстан арнайы келіп кең көлемде оқушылардың күнделікті өмірлері, мектептері мен қоғамдық орталарда жиі-жиі болып кездесе беретін жайыттар мен интернет жүйесі, әлеуметтік сайттар, «TikTok» тағы басқа да желілерді қалай пайдаланып, қандай ақпараттарды қабылдау қажеттілігі жайында айтылды.