
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСI
- мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жұмыстарын жандандыру;
- мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аударту;
- мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері туралы мақалалар, бағдарламалар арқылы тұрғындардың танымын кеңейту;
- қазақ тіліндегі контентті ұлғайту және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
1) «Үздік мақала»;
2) «Үздік теле және радиобағдарлама».
- тақырыпқа сәйкестік;
- қамтылған ақпараттың өзектілігі, нақтылығы мен шынайылығы;
- журналистика принциптеріне сай келуі, материалды жеткізу шеберлігі;
- мәселені талдау тереңдігі, заманауи шешу жолдарын көрсетуі.
Байқауға қатысушы үміткерлердің байқауға ұсынған материалдары олардың кәсіби біліктілігін, мультимедиалық сторителлинг және заманауи медиа мүмкіндіктерін, мемлекеттік тілді дамытудың заманауи моделін тұтас қоғамға және әрбір жеке оқырманға, тыңдарманға және көрерменге аша алуы қажет. Байқауға ұсынылатын материалдар авторларының заманауи біліктілігі, оның ішінде дата-журналистік қабілеттері де (сапамен, санмен жұмыс жасау қабілеті) ескеріледі. Коммуникативтік ресурстарды орынды қолданып, заманауи медиатехнологияларды дәстүрлі журналистика құралдарымен кіріктіре отырып, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, сол арқылы мемлекеттік тілдің қызметі, даму жолдары мен мемлекеттік тіл саясатының түрлі қырларын, өзекті мәселелерін сапалы, сенімді және нәтижелі түрде баяндауы қажет.
Байқауға қатысушылардың қазақтілді контентті қарқынды дамытудың заманауи жолдары мен инновациялық шешімдерін көрсете білуі маңызды. Әлеуметтік ортада, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің нық орнығып, еркін қолданылуында кездесетін кедергілерді айқындай отырып, негізгі шешімдер ұсыну шеберлігіне мән беріледі.
- Ереженің қосымшасына сәйкес өтініммен қоса жеке куәлігінің электронды көшірмесі;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 6 мамырға дейін баспасөз бен электронды порталдарда жарық көрген екі материалдың (газет-журналда немесе сайттарда жарияланған екі мақаланың) «Word» форматындағы электрондық нұсқалары, скриншоттары, сканерленген нұсқасы, белсенді сілтемесі;
- немесе эфирге шыққан, әлде ресми интернет аккаунттан жарияланған екі медиаөнімнің (теле-радио бағдарлама, телесюжет немесе кэпшн-видеоның) видеофайлы, аудиофайлы мен белсенді сілтемесі;
Анықтама үшін:
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы
Талдықорған қаласы, Қаратал шағынауданы, 36/Б
Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-10-49, +7 777 234-79-78