
«Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Ортақ шаңырақ» жобасы аясында «Өзіңді көрсет» облыстық үздік стартап – жобалар байқауы жастардың ғылымға деген қызығушылқтарын арттыру, жас ғалымдардың ғылыми-инновациялық қызметін жандандыру мақсатында өтті.
Байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы кез келген оқу орындарының білімгерлері және ғылыми зерттеу орталықтарының қызметкерлері қатысып, 30-ға жуық бизнес жоба ұсынылып, қазылар құрамындағы сарапшылар мен қаламыздың жетекші кәсіпкерлері тарапынан қаралды.
Бизнес жобалардың ішінен жүлделі 3 орынды «SmaRT FLOOR» жобасы – 40 000 тг. сертификатпен, 2 - «Разработка натуральной жевательной резинки: Dental Gum» жобасы – 70 000 тг. сертификатпен және жүлделі 1 орынды «Электронды микроскоп» жобасы – 100 000 тг. сертификатпен иеленіп, марапатталды. Ал, барлығынан озық шығып, инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, бас жүлде 150 000 тг. ақшалай сертификатқа ие болған, «Watery Absorbent» жобасы үздік деп танылды.
Стартап жобалар байқауына қатысқан барлық қатысушыларға арнайы дайындалған статуэткалар мен смарт сағаттар табысталды. Жеңімпаздардың идеялары одан әрі іске асыру үшін кәсіпкер-инвесторларға ұсынылады.