
Биыл 10 сәуір күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі, Журналистика әлемін зерттеудің жаһандық желісі, Еуропалық журналистерді даярлау қауымдастығы бірлесіп «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллектінің генерациясы» атты VІІ Халықаралық журналистика форумын өткізеді.
Форум аясында келесі секциялар ұсынылған:
Журналистикадағы жасанды интеллект: көмекші, әлде бәсекелес?
Жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктері және практикасы;
Нейрожелілер және журналистика: таяу болашағы, қатерлер мен болжамдар;
Дезинформациямен күрес: жасанды интеллектінің
журналистикадағы рөлі;
Жасанды интеллект дәуіріндегі этикалық барометр.
Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен зерттеу университеттерінің медиа және коммуникация саласының өкілдері қатысады.
Форум Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27, Әл-Фараби кітапханасы, № 409 залында өтеді.
Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ журналистер үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция қолжетімді https://us02web.zoom.us/j/85075996341?pwd=di9ZMVJhYm9YZ3M5dStNRy9ESHRwQT09 (конференция идентификаторы: 850 7599 6341, кіру коды: 473970).
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар арқылы хабарласуға болады: +7 7172 740186, +7(727) 377 33 34 (14-92).
️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі