"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына құжат қабылдау басталды

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына құжат қабылдау басталды

Жетісу облысында жастардың жобаларына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына құжат қабылдау басталды.

Грант берудегі мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.

Грант 5 бағыт бойынша беріледі: мәдениет, ғылым, бизнес, медиа және ақпараттық технологиялар.

Аталған бағытар бойынша облыстың 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастары қатыса алады.

📌 Өтінімдерді  облыстық қоғамдық даму басқармасы 2 сәуір мен 2 маусым аралығында қабылдайды.


Үміткерлердің конкурстық өтінімдері мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды нұсқада tauelsizdik_jetisy@mail.ru поштасына қабылданады.
Қосымша ақпарат пен сұрақтар туындаған жағдайда, байланыс телефоны:
8 (7282) 404-404 (сағат 9.00.-18.00. дейін)

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойынша дайындалды.