Жетісу облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жиналуда

Жетісу облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жиналуда

Табиғи апат аймақтарындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген еріктілер мен өңір тұрғындары үшін Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі 47 мекенжайындағы «Жетісу жастары» орталығы мен «Қаратал» ықшам ауданы 22 B мекенжайында орналасқан «AMANAT» партиясы облыстық филиалында, сол сияқты аудандық, қалалық партия филиалдарының ғимараттарында арнайы пункт жұмыс істеп тұр.

Көмек ретінде берілетін заттар:
- жылы киім-кешек;
- азық-түлік;
- гигиеналық, тұрмыстық заттарды қабылдаймыз.

Маңызды: әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттар және тез бұзылатын азық-түлік қабылданбайды.

Анықтама үшін: Асхат Досмұхамбетов 8775 465 86 64 (“AMANAT` партиясы) Ескендір Имандос, +7 705 443 71 40 ( Қоғамдық даму басқармасы).