Этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу бойынша кеңес өтті

Этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу  бойынша кеңес өтті

2024 жылғы 29 наурызда облыс әкімінің орынбасары М.Қ.Көлбаевтың төрағалығымен этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу бойынша кеңес өткізілді. Кеңесте қоғамдық даму басқармасының басшысы Б.Б.Абибеков, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары М.Ж.Омарова баяндама жасады, Панфилов ауданы мен Текелі қаласы әкімі орынбасарларының есептері тыңдалды. Шараға корей, татар этномәдени орталық жетекшілері мен мүшелері,, құқық қорғау орган өкілдері қатысты, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары бейне конференция байланысы арқылы қосылды. Кеңесте өзекті мәселелер талқыланып, қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға хаттамалық тапсырмалар берілді.