
26 наурызда «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Р.Усанова мен қоғам қайраткері, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Қ.Сансызбай Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округінің мәдениет үйінде қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері, тұрғындар арасында «Әрбір адам және бүкіл қоғам жаңғыруы қажет» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу қоғамдағы жалпыұлттық бірлік пен келісім идеяларын ілгерілету, халыққа этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың, қоғамдық идеологияның мәнін жеткізуге арналды.