
17 наурызда жер жаннаты Жетісуда Талдықорғандықтар облыстық «Қоғамдық келісім» КММ мен «Облыстық орыс орталығы» ұйымдастырған «Достық шаңырағы» жобасы аясында «Құймақ» мерекесін тойлады. Дәстүрлі «Масленица» мерекесі - қысты шығарып салу, көктемді қарсы алуға арналған мереке.
Іс-шараға облысымыздағы Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестік мүшелері, жалпы қала тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысып, Талдықорған қаласының әкімі Е.Бәзіл, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Р.Усанова, облыстық орыс орталығының төрағасы Л.Котельниковалар тұрғындарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Береке-бірлігі, ынтымақ ырысы артқан қала жұртшылығы достық пен бауырмалдықтың, бейбіт күннің татулығын паш еткен бүгінгі мейрамның халық үшін берері мен берекесі қала жұртшылығы ерекше белсене қатысып отбасылық құндылық, қазақстандық болып ұйысудың ұлылығын танытып бірлесе ән салып, би билеп көтеріңкі көңіл күйде спорттық шаралардың көркін қыздырғандарынан-ақ айшықталып тұрды.