
15 наурыз Қайырымдылық күні болып белгіленген.
Наурыз мерекесінің мазмұнымен астасып жатқан қайырымдылық қасиеті халқымыздың дәстүрінде ежелден-ақ берік орныққан. Әдетте бұл күні жұртшылық жетім мен жесірге, мұқтаждар мен мүгедек жандарға қайырымдылық көрсетіп, жұтқа ұшырағандарға жұмылып жылу жинап берген. Осы дәстүрге сай Наурызнама онкүндігінің бір күні Қайырымдылыққа бағытталып отыр. Осы арқылы Наурыз мерекесі қоғамды қайырымды, бауырмал, қамқор болуға үндейді.