Наурыз мерекесінің бірыңғай логотипі бекітілді

Наурыз мерекесінің бірыңғай логотипі бекітілді

Наурыз мерекесінің қоғамды біріктіруші рөлін арттыру мақсатында оның бірыңғай логотипі белгіленді. 

"Логотип бекітіліп, еліміздің барлық өңіріне жолданды. Логотиптің негізгі символы - қызғалдақ. Жалпы қазақ халқы үшін қызғалдақ Наурыз мерекесінің жарқын белгісі. Бабаларымыз ежелден-ақ қызғалдақты аялаған. Оны жұмақтың гүлі деп есептеген. Сондықтан да ол бас символ ретінде таңдалды", - деді  ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев. 

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңы брифингіндегі мәліметтер бойынша.