Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесті

Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесті
Жетісу облысындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде, шалғайдағы елді- мекен тұрғындарының құқықтық сауаттарын арттыруға, азаматтардың заңның аясында өздерінің өзекті мәселерелін шұғыл шешуге бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» көшпелі акциясы өз жалғасын табуда.
Кеңесшілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер, олардың арасында заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының және нотариустардың өкілдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Азаматтардың ең көп өтініштері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, жұмысқа орналастыру, жергілікті жолдардың жай-күйі, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, мемлекеттен кредит, жеңілдіктер мен субсидиялар алу салалары бойынша келіп түсті.
Азаматтардың жекелеген мәселелері жергілікті жерде қаралды, ал басқалары жоба шеңберінде одан әрі шешу үшін бақылауға алынды.
Мұндай іс-шаралардан күтілетін нәтиже – азаматтардың құқықтық мәдениетінің артуы, сондай-ақ, одан әрі тиісті түзетулер жүргізу үшін, қоғамның өзара іс-қимылының проблемалық аймақтарын айқындау болып табылады.