
6 наурызда Достық үйінде «Қоғамдық даму басқармасы» мемлекетік мекемесі және «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен, Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – асыл жандар!» облыстық форумы өткізілді.
Қоғамдық даму басқармасының басшысы Б.Абибеков келе жатқан әйелдер күнімен құттықтап, облыстық, аудандық аналар кеңесі төрайымдарын, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділерін және би ансамблдерінің жетекшілерін алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Шара мерекелік концерттік бағадарламамен жалғасты.