
5 наурызда Талдықорған қаласы, Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Әйел – сұлулықтың символы» аналар арасында облыстық байқау өтті. Байқауға 40–50 жас аралығындағы асыл жанды Аналар, барлығы 11 ана қатысты.
Байқаудың мақсаты қатысушы ардақты аналар, асыл әжелерімізді үлгі етіп, олардың ежелден ұстанып келе жатқан салт-дәстүрлерімен тыныс-тіршіліктерін байланыстыру, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру арқылы ұлтымыздың құндылықтарын, дәстүрлі мәдениетіміздің діңгегі болған асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау.
Байқау 3 айналым бойынша өтті, «Отбасындағы бақытты әйел» - бейнеролик арқылы отбасылық таныстыру, «Сахна мәдениеті» - сахнада өзін өзі ұстау мәдениеті, эстетикалық талғамы, жасына қарай киімнің сәйкестігі және өзін көрсете білу, «Өнерлі Ана сымбаты» - қатысушы аналар бойындағы бар өнерлерін көрсету.
Қазылар алқасы шешімімен:
Бас жүлде – Қасенова Фая (Талдықорған қаласы) – 70 000 теңге.
І ОРЫН – Арипбаева Жазира (Панфилов ауданы) – 50 000 теңге.
ІІ ОРЫН – Абзалбекова Асем (Сарқан ауданы) – 30 000 теңге.
ІІІ ОРЫН – Садуакасова Батима (Алакөл ауданы) – 20 000 теңге иеленді.
Қалған қатысушылар ынталандыру сертификаттарымен марапатталды.