Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесті

Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесті

Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Қаратал ауданының тұғындарымен кездесіп, 80-нен астам азаматына құқықтық көмек көрсетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасының мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарда туындаған құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

Кеңесшілер түрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына қосылған заңгерлер болды. Олар азаматтар жүгінген жеке мәселелері мен даулары бойынша толыққанды заң көмегін көрсетті.