
2024 жылғы 28 ақпанда Көксу ауданының Темірғали Исабаев атындағы орта мектебінде «Нахичевань» Әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ 120 оқушының қатысуымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Өмірге риза болып, алғыс айту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.
Қоғамда адами құндылықтарды: мейірімділікті, достықты, ризашылықты, азаматтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін ілгерілету арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мақсатында өткізілген жиында «Алматы облысының құрметті азаматы», Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері С.Гаитова, Көксу ауданы әкімінің орынбасары С.Тасқанбаева, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р. Усанова, «Нахичевань» Әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Ф.Магеррамов спикерлер ретінде сөз сөйледі. Білімгерлер сұрақтарына жауап алып, қонақтарға алғыс білдірді.