Аңыз адаммен тарихи сәт

Аңыз адаммен тарихи сәт

Бүгін Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Jetisy jastary» КММ-мен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблея мүшесі, жетекші журналистер клубының төрағасы, қоғам қайраткері, журналист А.Идигов «Аңыз адаммен тарихы сәт» тақырыбында білімгерлермен кездесу өткізді.

Аталған кездесу жастардың бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуде, өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриотизмге баулу, «Отаным-туған жерім» және мемлекеттік тіл туралы айтылды. Білімгерлер тарапынан ұтымды ой-пікірлер мен көптеген сұрақтар қойылды.