
2024 жылғы 26 ақпанда республикалық ақпараттық түсіндіру топ Панфилов ауданының активі және тұрғындарымен кездесулер өткізіп, онда этносаралық қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.
Аудан әкімдінде өткен кездесуге мекеме басшылары, аудандық маслихат депутаттары, прокуратура, полиция қызметкерлері, БАҚ спорт өкілдері, діни бірлестік, қоғамдық ұйым және этномәдени орталықтардың жетекшілері, Аналар және Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары, жалпы 200 адам қатысты.
Спикер ретінде ҚР ПӘ ҚХА хатшылығының сектор меңгерушісі - Қ.Баймульдинов, психолог – А.Абдукеева, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің бас сарапшысы - Б.Сәрсембаев, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары – А.Садвокасова, «Қоғамдық Келісім» РММ жобаларды іске асыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс жүргізу басқармасының бас сарапшысы – Т.Италиева, ҚХА медиаторлар кеңесінің төрағасы – Ш.Пулатов сөз сөйлеп, тақырып шеңберінде ой қозғады.
Шара барысында Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Керімқұлов, Аналар кеңесінің төрайымы К.Бердығұлова, аудандық ұйғыр этномәдени орталығының директоры А.Гайтов және дүнген этномәдени орталығының өкілі Дифу Сарди сөз сөйледі.
Сонымен қатар ҚХА өкілдері, жергілікті ҮЕҰ, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, жігітбасылармен, ханым-қыздармен, жалпы 60 адамның қатысуымен кездесу өткізді. «Панфилов аудандық мүгедектер қоғамының» төрағасы – Д.Қасымханұлы, «Жылы жүрек» ҚҚ жетекшісі – А.Садыров және жігітбасылар – А.Ташметов, С.Амиров және қыздар – ханымдар М.Аюпова және Т.Самсакова өз пікірлерін білдірді.
Сондай -ақ, аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі М.Сағымбектің төрағалығымен ауылдық округ әкімдері, дін саласының қызметкерлері, жалпы орта білім беретін мекемелердің әкімшілік ұжымдары, Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, шаруа қожалық өкілдері, аудан жастарының қатысуымен еркін форматта жиын өткізілді.
Дін сұрақтары, бала тәрбиесі, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Ақсақалдар атынан Т.Керімқұлов, С.Солтанқұлов, «Славян этномәдени орталығының» төрағасы – А.Коробова, Жаркент қалалық «Елтай» мешітінің имамы Д.Сағымбеков этносаралық және конфессияаралық бірлікпен татулықты ілгелірету бойынша тәжірибесімен бөлісті.