
Үстіміздегі жылдың 23 ақпанда, Достық үйінде Жетісу облысы Қазақстан Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері үшін практикалық семинар-тренингі өтті.
Семинар-тренингтің бірінші бөлімінде ҚХА мүшесі, Қазақстанның ұйғыр жастар одағының төрағасы Р.Кайрыев, аудиториямен қарым-қатынастың стратегиялары мен практикалық құралдары атты презентациясын ұсынды.
Екінші бөлімде психолог Н.Карагеур «Стресс және эмоционалды жағдайды басқару тәсілдері» атты презентация мен практикалық тапсырмалар арқылы жұмысты жалғастырды.
Семинар-тренингке 30 адам қатысып, барлығына сертификаттар берілді.