Этносаралық қатынастар және этномәдени бірлестіктер жұмысының тиімділігін арттыру бойынша жиын өтті

Этносаралық қатынастар және этномәдени бірлестіктер жұмысының тиімділігін арттыру бойынша жиын өтті

Үстіміздегі жылдың 13 ақпанында Достық үйінде «Этносаралық қатынастар және этномәдени бірлестіктер жұмысының тиімділігін арттыру» тақырыбында этносаралық қатынастар мәселелеріне арналған Жетісу облысының ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер басшыларының отырысы өтті.

Жиында облыстық Ассамблея жұмысын жетілдіру тетіктері қарастырылды, этносаралық қатынастарды реттеу тәсілдері, мемлекеттің этносаралық саясатын ілгерілету және Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Полиэтникалық Қаратал, Көксу, Панфилов және Алакөл аудандарында мектеп оқушыларымен көшпелі кездесулер өткізу үшін ҚХА мүшелері қатарынан ақпараттық-түсіндіру тобын құру мәселесі пысықталды. Этномәдени бірлестіктердің 2024 жылға арналған іс шаралар өткізу және олардың бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі белсенділігін арттыру жөніндегі жұмыс жоспары,  медиа-жоспар бекітілді.

         1 наурыз – Алғыс айту күнін және 22 наурыз – Ұлттық Наурыз мерекесін мерекелеуге дайындық мәселелері қарастырылып, облыстың ҚХА мүшелері А.Идиговтың, Б.Гусеновтың, Д.Дигайдың, В.Лидің 1 наурыз – Алғыс айту күніне орайластырылып кездесулер мен сұхбаттар ұйымдастыру мәселесі талқыланды (кесте, бағдарлама, сұрақтар және т. б. құрастыру).