Облыстық дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

Облыстық дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ

 Жетісу облысы әкімінің өкімімен Сағыныш Асқарұлы Жаңабай облыстық дін істері  басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Сағыныш Асқарұлы Жаңабай 

1994 жылы туған. Жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін дінтану, Шымкент университетін құқық мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласында «Consig Liere» ЖШС-нің менеджері болып бастады. Әр жылдарда «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-ның инспекторы, дінтанушысы, түрлі бөлімдерінің бастығы, директорының орынбасары, директоры лауазымдарын атқарды.

2023 жылдың қазанынан Жетісу облысы Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болды.