Этномәдени бірлестіктерге арналған семинар-тренинг

Этномәдени бірлестіктерге арналған семинар-тренинг

18 желтоқсанда Жетісу облысының этномәдени бірлестіктеріне арналған екі күндік семинар-тренинг өткізілді. Семинарда жаттықтырушы-кәсіби психолог, гештальт-терапевт, танымдық және тұлғалық қабілеттерін саналы дамыту саласындағы сарапшы, кәсіби психологтар мен психотерапевтер қауымдастығының мүшесі Н.Карагеур «Эмоционалды күйіп қалу. Онымен қалай күресуге болады» және жаттықтырушы, облыстық орыс орталығының төрағасы, Жетісу облысының ҚХА сарапшысы, ҚХА мүшесі, заң кеңесшілері палатасының және Қоғамдық кеңесінің мүшесі Л.Котельникова «Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудің негізгі идеологиялық тетіктерінің бірі ретінде» тақырыптарында лекция оқыды және тренингтер өткізді. ҚХА мүшесі Р.Қайрыев этномәдени ортадағы коммуникацияның тиімді стратегиялары мен тактикаларын әзірлеу, коммуникацияның ерекшеліктері, көшбасшылық пен команданы басқару дағдыларын дамыту туралы сөз сөйледі. «Қазақ мәдениеті, салт-дәстүрлері орталығы» ҚҚ төрағасының орынбасары С.Сұрабалдинова «Профилактика и предупреждение социальных конфликтов и протестных настроений  населения» дәріс оқып, практикалық тапсырмалар берді.