«Менің шежірем»

«Менің шежірем»

Ү.ж. 14 желтоқсанда  «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Достық үйінде ұлттық  құндылықтарымызды бағалау, ата-бабадан қалған мәдени-мұраны заман талабына сай жаңғыртып,  насихаттау, шежірені білу  арқылы жастарда патриоттық сезім тәрбиелеу, «Жеті ата» тарихын  біліп зерттеу, салт-дәстүрін жалғастырып бойына  сіңіру, Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдағы  мәдениетін дамыту, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық қарым-қатынасты нығайту, отбасының рөлін, жастар арасындағы маңыздылығын арттыру мақсатында «Менің шежірем» облыстық байқауы өтті. Қатысушылар «Жеті атасын білген адам, Жеті  жұрттың  қамын жер», «Өнерлінің өзі алтын», «Ұлттың ұлылық қасиеттері» номинацияларында жарысты. Нәтижесінде, 3 орынды (60 000 т.) Ж.Сүлеймен, 2 орынды (80 000 т.) Д.Аипов, 1 орынды (120 000 т.) А.Абикен, Бас жүлдені (150 000 т.) М.Нұрқасым  иеленді