«ЭТНО – FASHION» байқауы

«ЭТНО – FASHION» байқауы

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанда «Қоғамдық келісім» КММ «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ ұйымдастыруымен, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде облыстық «ЭТНО – FASHION» байқауы ұйымдастырылды.

«Эtno-Fashion» байқауының мақсаты - импровизацияланған құралдардан жасалған Қазақстан этностарының ежелгі қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін білу, ұлттық костюм элементтері арқылы тарихтың жарқын беттерін көрсету. Күнделікті киімге этникалық элементтерді енгізу арқылы Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдерінің ұлттық құндылықтарын сақтау. Қатысушылар «Сәнді этнокиім»,  «Ұлы дала өрнектері»,  «Бірлік әртүрлілікте» номинациялары бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде «Сәнді этнокиім» номинациясында 1 орынды Н.Даулетбеккызы (100 000 т.), 2 – Ш.Айбекқызы (80 000 тн.), 3 – Н.Мәлік (50 000 т.); «Ұлы дала өрнектері» номинациясында 1 орынды - А.Ажетова (100 000 т.),  2 -  Б.Жапар (80 000 т.), 3 – А.Лукьянов        (50 000 т.); «Бірлік әртүрлілікте» номинациясында 1 орынды – А.Жакипбекова (100 000 т.), 2 – І.Рыскелді (80 000 т.),  3 – А.Ахметкалиева (50 000 т.) иеленді.