«Бейбітшілік пен бірлік – табысты болашаққа сенімді жол»

«Бейбітшілік пен бірлік – табысты болашаққа сенімді жол»

Ү.ж. 15 қарашасында Талдықорған қаласындағы агротехникалық колледжде білімгерлермен «Бейбітшілік пен бірлік – табысты болашаққа сенімді жол» тақырыбында кездесу өтті. Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысының маңыздылығы, еліміздегі этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасқандығы, бірлік, келісім және тұрақтылықты қалыптастыруда атқарылып жатқан жұмыстарды үйлестіруіне баса назар аударылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.Усанова мен этномәдени бірлестіктер өкілдері өңірімізде этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайтуда аталған институттың ықпалы зор екендігін мәлімдеп, ағымдағы жылы өткізілген шараларды атап өтті. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына белсенді араласып, әрдайым қолдау білдіргені үшін, бірқатар колледж ұжымының мүшелеріне  Алғыс хаттар табысталды.