«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы

«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы

Үстіміздегі жылдың 14 қарашада Достық үйінде «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумының аясында мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері арасында облыстық байқау өткізілді.

Қатысушылар «Жақсы адам - елдің ырысы. Жақсы жер – жанның тынысы»,  «Өнерлі өрге жүзер», «Тіл – сөздің мәйегі» және «Еңбегі көптің, өнбегі көп» номинацияларында сайысты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынды (70 000 теңге) Қаратал ауданынан Л.Даутова,  2 орынды (100 000 теңге) Ақсу ауданынан Н.Мугамедгариев,  1 орынды (150 000 теңге) Талдықорғандық Н.Сейтбекова иеленді.