
Ағымдағы жылғы 07 қараша күні «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыру бағытында «Ортақ шаңырақ» жобасы аясындағы «Үздік отбасы» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
- Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
- отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасыдағы кәсіпті елге таныстыру, сол отбасыны жарыққа шығарып, үлгі ету.
- ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
- жас отбасылар арасында мәдениет, салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтары негізінде неке және отбасы институтын нығайту, жас отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру;
- отбасылардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу;
- мәдени мұраны және қоғамның үздік дәстүрлерін сақтау;
- Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Облысымыздың әр ауданынан өз бақтарын сынап, отбасылар өз өнерлерін ортаға салды.
Байқау «Менің отбасым» атты бейнеролик дайындау және «Отбасы шежіресі» тақырыбында отбасы тарихы, дәстүрлері, рухани адамгершілік құндылықтары бойынша өздерін таныстыру кезеңдері бойынша өтті.
Нәтижесінде, топ жарып, «Үздік отбасы - 2023» атағын Ақсу ауданынан келген Нұрланбековтер отбасы, 1-орынды Қаратал ауданынан - Пак, 2-орынды - Панфилов ауданынан Ниязбакиевтар, 3-орынды - Көксу ауданынан Эйналовтар әулеттері иеленді. Қалған отбасылар ынталандыру сертификаттарымен марапатталды.