Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өңірлік «ONAY QYZMET JETISU» телеграм арнасы іске қосылды

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өңірлік «ONAY QYZMET JETISU» телеграм арнасы іске қосылды

Құрметті облыс тұрғындары! Сіздермен кері байланыс орнату үшін өңірлік «ONAY QYZMET JETISU» телеграм арнасын іске қосқанын хабарлаймыз.

Өңірлік арна азаматтарға түрлі салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер  беруге мүмкіндік береді және көрсетілетін қызметті алушылардың проблемалық мәселелерін шешу үшін практикалық жағдайлар жасайды. Сондай-ақ, төмендегі QR кодты сканерлеу арқылы арнаға тіркеліп, мазалап жүрген сұрақтарыңызға жауап алу мүмкіндіктеріңіз бар.

Қазақстан Республикасы Қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің мәліметі бойынша